Almaty Marathon-2025 рекорд жаңартты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасына 16 149 адам қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Almaty Marathon-2025 рекорд жаңартты
Фото: Алматы әкімдігі

Олардың ішінде 60 елден келген 1 383 шетелдік желаяқ бар. Бұл марафонның 14 жылдық тарихындағы жаңа рекорд. Қатысушылардың басым бөлігі –алматылықтар (14 785 адам). Дегенмен жыл сайын өзге өңірлер мен шетелден келетін спортшылардың үлесі артып келеді. Шетелден келіп қатысқан үздік үштік: Ресей (513 адам), Қырғызстан (180 адам), Қытай (142 адам).

«Бірінші болу – батылдық» қорының мәліметінше, марафон экономикаға серпін береді: қонақтардың 79%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр.

Almaty Marathon өткізілген жылдар ішінде серіктестердің салық түсімі шамамен үш есеге жуық өсті. Қалада жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, жұмыс орындары құрылды. 

Айта кетелік Алматы әуежайына әйгілі испандық «Реал Мадрид» футбол клубының ойыншылары келген еді

Соңғы жаңалықтар