Алматы мектептерін оқулықпен қамтуға 2 млрд 658 млн теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы мемлекеттік мектептер оқушыларын жаңа оқу жылында оқулықпен қамтуға 2 млрд 658 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Бұл туралы қоғамдық кеңесте қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты.

Оның айтуынша, ҚР Білім беру туралы заңға сәйкес, мемлекеттік мектептегі балалар 100 пайыз оқулықпен қамтылуға тиіс.

«Бәрімізді толғандыратын - оқулық мәселесі. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 3-6-8 сыныптардың жаңа оқулықтары басылып шығып жатыр. Осыған орай, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға қала бюджетінен 2 млрд 658 млн теңге бөлінді», - деді Гүлнар Ходжабергенова.

Басқарма басшысы оқулықтар мазмұнына «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталығында құрылған эксперттік комиссия сараптама жасайтынын айтты.

«Комиссия құрамына ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері, мұғалімдер кіреді. Жаңа оқулықтар эксперттік комиссияның шешімімен енгізіледі. ҚР БҒМ оқулықтар тізімі туралы бұйрығы шығады. Содан кейін  тек осы тізім бойынша көрсетілген оқулықтарға мектептер тапсырыс береді. Қазір оқулық  сатып алу бойынша конкурстық процедуралар өткізіп жатырмыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар