Алматы мен Ақтөбеде ITF теннис турнирлері басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы мен Ақтөбеде ITF турнирлері басталды. Оның қатарында Алматыда өткізілетін - жүлде қоры 15 000 АҚШ доллары болатын ITF Woman's әйелдер турнирі, Ақтөбеде өткізілетін - жүлде қоры 25 000 АҚШ доллары болатын ITF Futures ерлер турнирі бар. Турнир 4 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясының сайты хабарлады.
Алматыда өтетін ITF Woman's турниріне Қазақстанның атынан Гозаль Айнитдинова, Кәмила Керімбаева, Кәмила Болатова, Екатерина Дмитриченко, Александра Гринчишина, Дарья Детковскаялар қатысады.
Ақтөбеде өтетін ITF Futures турниріне Қазақстанның намысын Роман Хасанов, Денис Евсеев қорғайды. Өкінішке орай, Тимур Хабибулин мен Григорий Ломакин бірінші раундта жеңіліп қалды: Хабибулин чехиялық Вацлав Сафранекқа 7:6(0), 7:6(4), ал Ломакин ресейлік Максим Ратнюкке, 6:7(5), 6:2, 6:2 есебімен ұтылды.