14:08, 03 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы мен Астана әуежайларында әуе рейстері кешіктірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысы әуе рейстері кешіктіріліп жатыр.

Әуежайдың онлайн-таблосынан хабарланғандай, Алматы - Астана, Алматы - Бішкек және Алматы - Үрімжі бағытында ұшатын рейстер кешіктіріліп жатыр. Астана, Ыстамбұлға рейстер ұшырылмайтын болды.
Алматы - Ақтау, Алматы - Астана, Алматы - Атырау бағытындағы рейстер, сонымен бірге Киев, Душанбе, Бангкок, Ыстамбұл, Дубайдан ұшып келетін рейстер кешігіп жатыр.
Рейстердің кешігуі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін созылады.
Алматыда 3 қаңтарда ауа температурасы күндіз +2 градусты құрап отыр.
Астана әуежайларында да Қостанай, Ақтау және Атыраудан келетін рейстер кешігіп жатыр. Астанадан Оралға, Алматы мен Өскеменге ұшатын ұшақтар кешіктірілуде.