Алматы мен Австрия ынтымақтастық шеңберін кеңейтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Австрия өнеркәсіп бірлестігінің делегациясын қабылдады. Ресми өкілдерді «Kapsch Group» басқарма төрағасы Георг Капш бастап келді.

Жүздесу барысында Алматыға шетелдік капиталды инвестициялау мәселесі талқыланды.

Қала әкімі Қазақстанмен ықпалдастықты алғаш бастаған елдердің бірі Австрия екендігін, осы серіктестік арқасында Орталық Азиядағы тұңғыш «Rahat Palace» ғимараты Алматыда бой көтергенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматыда 14 ортақ кәсіпорын, Австрия капиталымен 31 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, әкім қонақтарға «Алматы-2020» даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі - экологиялық ахуалды жақсарту туралы айтып өтті.

Электромобильдер мен «Smart city» инновациялық технологиясы туралы айтылды.

 «Kapsch Group» басшысы Алматы қаласының экономикалық мүмкіндігін жоғары бағалап, ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге ниет білдірді. 

«Қаланың үздіксіз дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. Қазақстан қазір  «Doing business» рейтингі бойынша 12 елді артта қалдырды. Бұл Алматының мүмкіндігі екені рас. Бүкіләлемдік банктің 5 көрсеткіші бойынша Алматы үздік 30-дың қатарына енгенінен де хабардармыз. Өткен жылы экономика өсімі 3 пайыз болды. Қазақстан Австрияға 2-3 есе көп тауар тасымалдайды. Қазақстан халқы да австриялықтардан екі есе көп. Бұл факторлар инвестициялық тартымдылық туғызатыны сөзсіз», - деді Г.Капш.

Оның айтуынша, қазір 500-ден астам австриялық компанияның Қазақстанда өкілдігі бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram