Алматы мен Гонконг арасында тікелей әуе қатынасының ашылуына орай, Гонконгта салтанатты қабылдау өткізілді - ҚР СІМ

және ҚР мен Гонконгтың іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен өткен 2-ші Қазақстандық инвестициялық форумда сөз сөйледі.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық дипломатиялық миссиясының басшысы елдің экономикасының қарқынды жан-жақты дамуы және жаңғыртуы, оның бәсекеге қабілеттілігінің жақсартуы Қазақстанның ең маңызды басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Осы мақсатпен Қазақстанда 2010 жылдан бастап ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Елші Қазақстанда жұмыс істеп жатқан арнайы экономикалық аймақтар және олардың аумағында қолданыстағы арнайы артықшылықтары туралы баяндады. Н.Ермекбаев жаңа технологиялар және ғылыми-практикалық алмасу салаларында ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстан мен Гонконгтың қаржы институттарының арасындағы өзара ықпалдастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтты.
10 қазанда Алматы мен Гонконг арасында тікелей әуе қатынасының ашылуына орай, Гонконгта салтанатты қабылдау өткізілді. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап тараптардың азаматтары үшін визасыз тәртіптің күшіне енуі және тікелей әуерейстердің ашылуы гонконгтық инвесторлар мен туристердің Қазақстанға қызығушылығы едәуір арттырады.
Гонконгта Елші Сянган АӘА Заң шығарушы жиналысының төрағасы Джаспер Тсангпен, гонконгтық бизнестің лидерлерімен, соның ішінде Invest HK, Shun Tak Holdings, Cheung Kong Ltd., Yung's Enterprise Holdings Ltd., Chinese Manufacturers' Association of Hong Kong және т.б. компаниялар мен сауда қауымдастықтарының басшыларымен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында жоғары технологиялар, инновациялар және технологиялар трансферті салаларында іскерлік ынтымақтастықты дамыту және перспективалары туралы мәселелер талқыланды.