09:57, 03 Қараша 2015 | GMT +6
Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау жариялады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау жариялады. Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлады.
Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады. Байқау шарты бойынша жолаушы стансада, вагонда, метроға кіреберісте селфи жасап, [email protected] электронды адресіне жолдауы керек.
Ең үздік жұмыстың авторын сайтты пайдаланушылар таңдайды. Жеңімпаз «Метрополитен» басшылығынан арнайы сыйлыққа ие болады. Байқау қарашаның 2-сінен 30-ына дейін жалғасады.