17:36, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы метрополитені металл іздеуші құрылғылармен жабдықталды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне метрополитеннің баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.
«Бұл құрылғылар жолаушылардың қауіпсіздігі үшін, халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып орнатылды» - деді баспасөз хатшысы.
Айта кетелік, 2012 жылы Алматы метрополитені 5 млн. жуық жолаушы тасыған болатын. Ал 2013 жылы метроға мінген жолаушылардың саны 6,3 млн. адамға жетті. 2014 жылғы көрсеткіш - 6,8 млн. Сондықтан, жолаушылар қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Биыл «Сайран» және «Мәскеу» метростансалары қолданысқа беріледі. Қазір оларда ішкі әрлеу және сынақ жұмыстары жүруде.