Алматы метросы бірінші желісінің алғашқы кезегі бастапқы кезде күніне 26 мың жолаушы тасымалдайды - Владимир Меренков

МАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы метросына 2012 жылдың бюджетінде 1 миллиард теңге субсидия қарастырылып отыр. Оны Алматы қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков бүгін баспасөз брифингінде мәлімдеді.
None
None

"1 желтоқсанда пайдалануға берілгелі отырған Алматы метросының бірінші желісінің алғашқы кезеңінің сметалық құны 165,9 миллиард теңге. Оның ұзындығы 8,56 шақырым, тереңдігі 40 метрді құрайды. Бастапқы кезде онда әрқайсысының сыйымдылығы 940 адамды құрайтын 3 құрам жұмыс істейді", - дейді Владимир Петрович.

В. Меренковтың айтуынша, метрополитенде жолақы уақытша ешқандай жеңілдіксіз 80 теңге боп бекітілді. ТМД елдеріндегі метрополитендерде жолақы бағасы Мәскеуде 145 теңге, Санкт-Петербургте -140 теңге, Қазанда -75 теңге, Новосібірде -70 теңге, Тәшкентте - 50 теңгені құрайды.

Қазіргі кезде наурыз айынан бері құрылысы жүріп жатқан Алматы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегінде 350 метрлік жерасты туннелі қазылды. Ол "Сайран", "Мәскеу", "Сарыарқа", "Достық", "Қалқаман" деп аталатын 5 бекетті қамтымақ. Енді метроның Райымбек бекетінен 1-Алматы стансасына дейін жеткізудің техникалық-экономикалық негіздеу құжаттары жасалуда.

Соңғы жаңалықтар