Алматы метросы екі жылда 13 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы метросы қазір күніне 24 мың жолаушыға қызмет көрсетуде. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Еуропа сапа зерттеу қоғамы (ESQR) тарапынан 1 жылдың ішінде екінші рет жоғары марапатқа ие болуына орай метрополитеннің басшылығымен болған кездесуде айтты.
None
None

«Метроның алғашқы 7 бекеті бірегей, әрқайсысының атына сай өз келбеті бар. Қазір онда жолаушылар тасымалдау күніне 24 мыңға жетті, кейде одан да асып түсуде. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет - келесі жылы тағы 2 бекетті іске қосу», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, метро қызметі осы уақытқа дейін 1 миллиард теңге табыс тапқан. Алайда бұл шығынды толық жаба алмай отыр. Сондықтан тұрғындар көп шоғырланған аудандарға метро көлігі қызмет ете бастағанда ғана жолаушылар тасымалдау көлемі айтарлықтай ұлғаятын болады. Метро жарнамасы қазір халықаралық талапқа сай. Ол қосымша табыс түсіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар