Алматы метросы қала жұртшылығы мен қонақтарына есігін айқара ашты

МАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Өткен сенбі күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтары метроны тамашалауға мүмкіндік алды.
None
None

Келушілердің барлығы құрылысы біткен метроны аралап қана қоймай, бүгін мұнда ашылған фотокөрмені де тамашалады.

"Менің Алматым: өткені, бүгіні мен болашағы" деп аталатын көрме Панфилов пен Гоголь көшесі қиылысындағы "Жібек Жолы" бекетінде ұйымдастырылды. Көрмеге кәсіпқой суретшілермен қатар, әуесқой фотосуретшілердің суреттері қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің мақсаты - қаланың өткені мен бүгінгі тарихын көрсету болып табылады.

Шараның ұйымдастырушылары - Метрополитен және Орталық мемлекеттік мұрағаты.

Соңғы жаңалықтар