03:34, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Алматы метросының жолаушыларына арналған мобильдік қосымша әзірленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда метро жолаушылары үшін пойыздар қозғалысының кестесі берілген смартфондарға арналған мобильдік қосымша әзірленді, деп хабарлайды метрополитеннің баспасөз қызметінен.

«Мобильдік қосымша Android операциялық жүйесі бар смартфондарда қолдалады. Онда пойыздар қозғалысының кестесінен басқа Алматы метросының сұлбасымен қала картасын, стансалардың орналасуын, құрылыс тарихы туралы ақпараттар мен жолақы құны туралы анықтамалық берілген. Бұл қосымша тегін таратылады және офлайн режимінде жұмыс жасайды», делінген таратылған хабарламада. Қосымша стансаларды іздеуді жеңілдету және жолаушылардың жеке уақытын жоспарлауды оңтайландыру үшін әзірленген.