18:40, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматы облыстық сотында жаңа алқа төрағасы таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған Қ. Досымбет облыстың судьялар қауымдастығына таныстырылды.

Қалдарбек Досымбет бұған дейін Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандық соттарында судья, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық, Талдықорған қалалық, Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандық соттарының төрағасы қызметін атқарды. Облыстық соттың төрағасы M. Таймерденов тағайындалған төрағаға заңның үстемдігі жолындағы қызметіне әділдік және сапалы сот төрелігін жүзеге асырудағы еңбегіне табыс тіледі.