Алматы облысы әкімдігінде су тасу қаупінің алдын алу шаралары талқыланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің басшысы міндетін атқарушы Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен кеше селекторлық байланыста өңірдің барлық аудан, қалаларының әкімдерімен су тасқынына қарсы жедел штаб отырысы өткізілді.
None
None

Онда аймақтарда су тасу қаупінің алдын алу шаралары сөз болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Сәбит Битаев, Талғар, сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Райымбек, Сарқан, Панфилов, Жамбыл аудандарының басшылары аймақтардағы өзен-көлдерді толтыратын және шығатын судың көлемі, су тасу қатерінің алдын алу шаралары жайлы қысқаша мәлімдеді.

Облыстық штаб басшысы Махаббат Бигелдиев соңғы уақыттардағы күннің қатты ысып кетуіне байланысты облыс аумағындағы өзен-көлдердің су деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға ерекше назар аудару қажеттігін атап айтты. Кеше тікұшақпен Іле Алатауы сілемдерін үстінен бақылап көріп, жағдайды бағамдап қайтқан аймақ басшысы сол сапары негізінде бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, аудан-қалаларда төтенше жағдайларға байланысты жедел штабтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, штаб отырысын күнделікті өткізу, әр аудан, қала аумағындағы өзен-көлдер, мұздақтар жағдайын бағамдап отыру мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, өңірлердегі жағдай туралы күнделікті облыстық штаб басшылығына ақпарат беріп отыру т.б. бірқатар міндеттер жүктелді. Сол сияқты М. Бигелдиев Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С. Битаев пен облыс әкімінің кеңесшісі С.Салагаевқа бүгін облыс аумағындағы өзен-көлдер мен мұздақтардың жағдайын тікұшақ арқылы көріп, сараптап, нәтижесін хабарлау туралы тапсырды.

Соңғы жаңалықтар