18:16, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысы әкімінің орынбасары жыл сайынғы тікелей эфирдің қатысушысы болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Жетісу» телеарнасында ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

Телекөрермендер бір сағат бойы аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты алуан-түрлі сұрақтарға нақтылы жауаптар алды. Тележурналистердің, көрермендердің сұрақтарына жауап бере отырып Т.Досымбеков биылғы жылдың облыс диқандары үшін табысты болғанын атады.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы салаларының тауарларын субсидиялауға 6 миллиардтан астам теңгенің бағытталған, ол өткен жылы алған қаражатқа қарағанда айтарлықтай жоғары.
Тікелей эфирдің соңында Т.Досымбеков облыс диқандарының мол табыстарға қол жеткізгенін, бірақ жоспарлардың да көп екенін атады, сондықтан Жаңа жыл қарсаңында барлық облыс тұрғындарына зор денсаулық, бақыт және игілік тіледі.