12:43, 21 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматы облысы аумағындағы боранның салдарынан жолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы аумағындағы боранның салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, сағат 9:00-ден бастап «Үшарал-Достық» автожолының 82-167 шақырымы аралығында жолдың дұрыс көрінбеуінен және дауылды желге байланысты барлық көлік түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар кеше сағат 22:00-ден бастап «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 657-593 шақырымында күннің суық болуына орай қоғамдық және жазғы дизельдік отынмен жүрген жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін таңғы сағат 6:00-ден бастап аталған жолда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпке көшірілді.