08:20, 03 Шілде 2012 | GMT +5
Алматы облысы бойынша ТМРА Үшарал тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Үшарал қаласының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Департаментте хабарлағандай, шараға «Алакөл Су құбыры» ММК, «Алаколирригация» ММК, Алакөл РЭС және «Жетісу Энерготрейд» ЖШС реттелетін нарықтың электр көзін тарату Алакөл аудандық бөлімшесі сияқты табиғи монополия субьектілерінің мамандары мен басшылары қатысты.
Жылдың басынан бері департаментке қалыпты техникалық шығындар, шикізат, материалдар, жанар-жағармай, энергия мен қызмет санының қалыпты шығынының техникалық және технологиялық нормасын бекітуге 73 өтініш келіп түсті.
2012 жылдың 5 айында қаралған өтініштер бойынша жұмсалған шығындардан жасалған шартты-экономикалық тиімділік 106 592,6 мың теңгені құрады.