Алматы облысы Көктал-Арасан ауылында 12 аулалық учаскені су басты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 5 маусымда кешке Алматы облысында нөсер жаңбыр жауып, Бурақожыр және Өсек өзендері арнасынан асып кетті, деп хабарлады Қазселденқорғау ММ.
None
None

Су тасқыны Көктал-Арасан ауылындағы 16 аула телімінің 12-сін басып қалып, шаруашылық, мал қора-жайлар, бау-бақшаларға залал келтірілді.

Су тасқыны салдарынан жергілікті  маңызы бар жол жабылды.  Әулиеағаш ауылындағы Бурақожыр өзені арқылы өтетін көпірді шайып кетті.
Адамдар эвакуацияланды.  Жағдай бақылауда. 

 

Соңғы жаңалықтар