18:27, 01 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысы мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлы Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әбдуәлиев Ақан Жылқышыбайұлы 1975 жылы дүниеге келді. Кұрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын артист, оқытушы және экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын облыста Сүйінбай атындағы филормонияда әнші боп бастады. Әр жылдары «Қазақконцерт» әртісі, Ж. Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжі, Кұрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы болды, А. Жұбанов атындағы републикалық музыкалық мектеп-интернаты директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2015 жылғы сәуірден бастап Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болды.