20:28, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына 636 мың теңге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ ТМР және БҚК Алматы облысы бойынша департаменті «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-ға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықты тергеу рәсімін аяқтады.

Тергеу нәтижелері бойынша ТМР және БҚК Алматы облысы бойынша департаменті басшысының қаулысына сәйкес Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда көзделмеген жұмыстарды орындауға ашық конкурс жарияламай, «Қаратал мелиоративтік-механикаландырылған жасақ» МКҚК-мен тікелей шарт жасасудан көрінетін мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін жасағаны үшін айыпты деп танылды. Бұл ақыр соңында аталмыш нарықтағы бәсекелестікті шектеуге әкеп соқты.
Сондай-ақ ММ басшысына ҚР ӘҚтК 163-бабы 1-бөліміне сәйкес 636 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.