15:42, 25 Маусым 2010 | GMT +5
Алматы облысы телекөпірге дайын
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2010 жылғы маусымның 28-інде республиканың Индустрияландыру картасын жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмысты көрсететін Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпірге Алматы облысы да қатысады.

Таныстырылымдық бейнематериалдар түсіріліп, монтаждалды, нысандардың макеттері әзірленді, техникалық мәселелер пысықталды.
Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов телекөпірдің барасында сарқырамалық ЖЭС-тер, Балқаш ЖЭО, «Жетіген-Қорғас» теміржол магистралі және басқа да жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы әңгімелеп береді.
Алматы облысында Индустрияландыру картасының ауқымында алты ірі өнеркәсіп нысандары салынуда.