Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментін Дарынбек Байсариев басқарады

АСТАНА. ҚазАқпаратм - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы облысы ТЖД жаңа бастығын таныстырды.
None
None

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Онымен бірге ҚР ІІМ ТЖК төрағасы, полковник В.Беккер келді.

Сапар кезінде министрдің орынбасары гарнизонның жеке құрамына ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дарынбек Есәліұлы Байсариевті таныстырды.

Сонымен бірге министрдің орынбасары ТЖК жауапты қызметкерлерімен бірге ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Алматы облысындағы көлдерді қарап шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Облыс ТЖД мен ведомствоға қарасты бөлімшелердегі жарақтардың, техника мен жабдықтардың әзірлігі мен жай-күйі тексерілді.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің орынбасары Алматы облысы ТЖД-да болып, облыс әкімінің орынбасары Л.Тұрлашевтің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында облыста азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған тиімді жұмыс бойынша нақты міндеттер белгіленді.

null

Соңғы жаңалықтар