04:39, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Алматы облысы туризмді насихаттауда үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында өткен «Сарқылмас саяхат - 2014» республикалық туристік жәрмеңкеден Алматы облыстық туризм басқармасы жеңіспен оралды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл жәрмеңкенің мақсаты - ішкі туризмді дамыту, туристік қызметтердің сапасын көтеру, әр аймақтың інжу-маржандарын таныстыру. Екі күнге жалғасқан жәрмеңке облыстық туризм басқармасы ақпараттық-насихат жұмыстары бойынша өз аумағында туризмді насихаттау ісін жүйелі де сапалы жүргізгені үшін үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Бұл Жетісу өлкесінің туризмі қарқынды дамып келе жатқанын айғақтаса керек, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің сайты.