Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі ауысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Жамбыл ауданының әкімі лауазымына Далабаев Жандарбек Ермекұлы тағайындалды.
None
None

Далабаев Жандарбек бұған дейін Алматы облысы әкімдігінің аппарат жетекшісі қызметін атқарып келген. Ол 1959 жылы дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «философия пәнінің мұғалімі», Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдап шықты.

Еңбек жолын Жамбыл ауданының «Қастек» шаруашылығында шопанның көмекшісі ретінде бастаған.

Бірнеше жыл Жамбыл аудандық партия комитетінің бөлімін басқарған, «Прогресс», «Салқын саз» кеңшарлары директорының орынбасары, Жамбыл ауданының «Маркетинг және менеджмент» орталығының директоры, бөлім меңгерушісі, 2003-2004 жылдары Жамбыл ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры, 2004 жылдан бері Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2011-2013 жылдар аралығында Жамбыл ауданының әкімі, 2014 жылдан бастап Алматы облыстық білім басқармасының басшысы, 2014 жылдың шілдесінен бастап облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар