Алматы облысы «Жетісу Инвест -2016» форумында 900 млн доллардан астам сомаға меморандум жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Жетісу Инвест -2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Ұйымдастырған Алматы облысының әкімдігі.

Бизнес қоғамдастық, халықаралық қаржы ұйымдарынан 400-ден астам өкілдер қатысқан шара аясында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев, ҚР ИД вице-министрі Ерлан Хаиров, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Мәмин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А. Мырзахметов қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан А. Баталов инвесторларды тарту аясындағы жұмыс нәтижелері туралы айтты.

«Соңғы жылдары бизнес тарапынан Алматы облысына қызығушылықтың тұрақты өсімі байқалады. Сонымен, 2015 жылы инвестиция көлемі (490 млрд теңге) бойынша облыс республикада 4-орынға шықты. Бұл 2014 жылғы деңгейден 105,3%  физикалық көлем индексімен 37 млрд теңгеден асады. Тұтастай, 2015 жылы сомасы 34,7 млрд теңгеге 170 инвестициялық жоба іске асырылды. 3,6 мың жұмыс орны құрылды. Биыл сомасы 94 млрд теңгеге 115 жоба жоспарланған. Бұл 4,4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында барлығы 23 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеден астам сомаға 443 жоба іске асыруды күтіп отырмыз», - деп хабарлады өңір басшысы.

Оның айтуынша,  Алматы облысының тиімді географиялық жағдайы заманауи технологияларды пайдаланып, 100 млн астам адамды өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыстың табиғат-климаттық, аграрлық-индустриалдық бағыттылығын ескерсек, инвестицияның негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы өнімдерін қарқындату, оның өнімдерін тереңнен қайта өңдеу болып табылады. Жүгері өндірісі, сүт-тауарлық фермалар, қайта өңдейтін кәсіпорындар құру, туризм, әлеуметтік нысандар саласында, сондай-ақ жел, күн электр стансасын салуда өсім әлеуеті бар», - деп атап өтті Баталов.

Форум аясында панелдік секциялар ұйымдастырылды, онда мына мәселелер талқыланды: Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін, мемлекеттік-жеке әріптестік, шеберлік жоспарын құру, МЖӘ тетігін қолдану, туризм, көлік логистикасы, энергияның жаңартылған көздерін дамыту басымдығы.

Форум қорытындысы бойынша Алматы және Жамбыл облыстары әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы мемрорандумға,  жалпы сомасы 900 млн АҚШ долларынан асатын қаражатқа түрлі салалардағы қызметті жүзеге асыратын компаниялармен бірқатар меморандумдар жасалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram