Алматы облысында 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында 59 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның ішінде Балқаш ауданында – 3, Еңбекшіқазақ ауданында– 5, Жамбыл ауданында – 7, Іле ауданында –7, Қарасай ауданында – 6, Қаратал ауданында – 3, Кербұлақ ауданында – 1, Көксу ауданында – 3, Талғар ауданында – 10, Ұйғыр ауданында – 1, Талдықорған қаласы – 13 жағдайдан анықталды.

«2 шілдедегі жағдай бойынша жалпы 26 411 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 19 пациент стационардан, 25 адам үйден оқшаулаудан шығарылды», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жалпы облыста індет басталғалы 27 448 адамның коронавирусты жұқтырғаны зертханалық түрде расталған.


Соңғы жаңалықтар