Алматы облысында 100 жасқа келген ардагерге көлік сыйға тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында 100 жасқа келген соғыс ардагері Күрішбек Көжекбайұлына көлік кілті тапсырылды.
None
None

 Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев мәлім еткендей, Алматы облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 749 ардагер бар. Олардың 6-уы 100 жасқа жетті.

Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылында тұратын қарияны құрметтеу және марапаттау рәсімі ауылдағы мектепте өтті, ол жерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері жиналды.

Соғыс басталмас бұрын  мұғалім, кейін партияның тапсырмасы бойынша Қырғызсай ауылына келген мемлекеттік және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың көмекшісі болды. 1941 жылдың желтоқсан айында ол майданға аттанады.

Ардагер 3 орденмен және 20 медальмен марапатталған. Берлинде өткен Жеңіс шеруіне қатысқан.

 Ардагердің 6 баласы, 23 немересі және 20 шөбересі бар.

 Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ерлан Нысанбаев 100 жастағы ардагерге «Нива» маркалы көліктің кілтін табыс етті.

 Мерейтойлық мереке жергілікті ипподромда жалғасты, ол жерде «Аламан бәйге» мен ұлттық «Көкпар» ойыны өтті.

Соңғы жаңалықтар