Алматы облысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға сыйлық тапсырылды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға сыйлықтар тапсырды. Кездесуге 59 адам қатысты.
None
None

«1986 жылғы желтоқсан оқиғаларында жастар өздерінің көзқарастарын, Отанға деген сүйіспеншіліктерін және өз пікірлеріне адалдығын көрсетті. Жастар халықтың өз тіліне, өз дәстүріне құқығын білдіру үшін алаңға шықты, - деп бастады сөзін өңір басшысы Амандық Баталов қонақтарға қарата. - Сіздер қазір де елдің дамуы мен гүлденуіне өздеріңіздің үлестеріңізді қосып жүрсіздер. Сіздердің өмір жолдарыңыз - қазақстандық қазіргі жас ұрпаққа үлгі».

Кездесу барысында желтоқсан оқиғасына қатысушылар: Сарканд ауданындағы Новопокровка ауылындағы орта мектептің музыка мұғалімі Сәрсембек Стамбеков, Кербұлақ ауданынан Ләйлә Оңалбаева, «Жетісу желтоқсаншылары» қоғамдық ұйымының төрағасы Ермұхан Жүнісхан құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу соңында желтоқсаншылардың әрқайсысына 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар