Алматы облысында 2015-2017 жылдары іске қосылатын 10 индустриялық жоба бекітілді

2010-2014 жылдары ҮИИД МБ бойынша Алматы облысында тиісті мерзімдерде жалпы сомасы 282,6 млрд. теңгеге 48 жоба іске асырылған, 7 177 жаңа жұмыс орны құрылды. Аталған жобалардың ішінде 39 жоба (81 пайызы) 2015 жылдың 3 тоқсанының қорытындылары бойынша жоспарлық қуаттарды қамтамасыз етіп отыр.
Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен 2015-2019 жылғы аймақтық Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайтын, 1378 жаңа жұмыс орны құрылатын 10 жоба бекітілген.
6 жобаны 2015 жылы енгізу жоспарланып отыр: «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ӨК ЖШС-нің фармацевтикалық зауытын салу», «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін өндіру зауытын салу», «Bapy Mining» ЖШС-нің инновациялық технологиясы бойынша шекті шойын алынатын темір рудаларын барлау және өңдеу, «Эко Панель» ЖШС-нің қабырға панельдері мен блоктарын шығаруды ұйымдастыру»; «Күрті кен орнында гранит өндіру бойынша кәсіпорынды жаңғырту және «Күрті» ЖШС-нің құрылыс материалдарын шығару бойынша тас өңдеу цехын салу», «Қазиндустрия» ЖШС-нің тас өңдеу зауытын салу.
Сондай-ақ 2016 жылы 3 жоба - «Базальт-НПА» ЖШС-нің композиттік бұйымдардан базальт талшығын шығару зауыты», «KAZKOMPOZIT LTD» ЖШС-нің шыны-пластик құбырларын дайындау бойынша кәсіпорынды құру» және «Селбесу Агро» ЖШС-нің тамшылап суару үшін құрамдастарды шығару зауытын» пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.
2017 жылы «Әдемі фирмасы» ЖШС-нің беріктігі жоғары бетон, аса берік бетон мен темірбетон бұйымдарын дайындау бойынша жаңа технологияны енгізу жобасы енгізілмек.
Аудандар және қалаларда бизнес жоспарларды аймақтық Индустрияландыру картасына енгізу үшін дайындық жұмыстары жалғасуда.