Алматы облысында 2015 жылғы үздік жас көшбасшылар марапатталды (ФОТО)

Шара барысында сөз алған облыс әкімі өңір жастарына бүгінде көптеген жағдайлардың жасалып жатқанын, соның ішінде сәулет құрылысы қайталанбас Салтанат сарайы, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қаратал өзенінің бойында «Жастар аллеясы», «Жастар» саябағының бой көтеріп келе жатқанын атады. Аталған шараға жас эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Еліміздің абыройын Ресей біріншілігінде қорғап жүрген «Спарта» көңілді тапқырлар клубы және «Funky town» би студиясының бишілері 3D нұсқасында керемет биімен спорт сарайына жиналған көпшіліктің көзайымына айналып, шараның көркін келтірді. Сонымен, Алматы облысы бойынша анықталған өз саласының үздіктері:
1. «Жас батыр» номинациясы бойынша - Найзабеков Берік; 2. «Ауыл шаруашылығының жас маманы» номинациясы бойынша - Досымбеков Елнұр; 3. «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша - Молбаев Бақытжан; 4. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясы бойынша - Әлімов Нұрлан; 5. «Үздік жас әскери қызметкер» номинациясы бойынша - Мақсұтов Ғабиден; 6. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша - Жебегенов Ерұлан; 7. «Үздік жас маман» номинациясы бойынша - Әлімбаев Арнай; 8. «Үздік жас спортсмен» номинациясы бойынша - Сон Игорь; 9. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша - Бекежанов Дәурен; 10. «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша - Серікқожанова Мөлдір; 11. «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша - Нөгербекова Раушан; 12. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша - Өмірзақова Гүлмира; 13. «Үздік жас саясаткер» номинациясы бойынша - Тұмабаева Мәдина; 14. «Үздік студент» номинациясы бойынша - Спандиярова Салтанат; 15. «Үздік «Жасыл ел» сарбазы» номинациясы бойынша - Күнесбекова Ләззат; 16. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы номинациясы бойынша - Тұралыұлы Әділ; 17. «Үздік ерікті» номинациясы бойынша - Сәмиев Мирас.