23:07, 03 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы облысында 2015 жылы әлеуметтік маңызы бар жобаларға 20 млн теңге қаржы бөлінген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2015 жылы әлеуметтік маңызы бар жобаларға 20 миллион теңге қаржы бөлінген.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базақұлова хабарлағандай, білім басқармасы жариялаған конкурсқа жоғары балл жинаған 11 жеткізуші 7 лот бойынша қатыса алады. Олардың арасында жастар қоғамдық бірлестіктері, әйелдерді қолдау, құқық қорғау аймақтық орталықтары, еріктілерден құрылған ұйымдар мен облыстық жасөспірімдер клубы бар.
«Жыл бойы біз әлеуметтік мәселелерге арналған түрлі шаралар ұйымдастырдық. Шаралар аймақ тұрғындарының өмірін жақсартуға, өсіп келе жатқан ұрпаққа жақсы тәрбие беруге бағытталған. Сонымен бірге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту, ата-анамен жұмыс, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту жұмыстары жүргізілді. Бұл нәтижелерге үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен қол жеткіздік», - деді Л. Базарқұлова.