Алматы облысында 220 жобаны жүзеге асыруға 12,7 миллиард теңге бөлініп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Еркін Қабиевтің хабарлауынша, 213 жоба бойынша келісімшарт жасалып, олардың 198-і бойынша жұмыстар басталып кетті. Төрт инвестициялық бағыт бойынша конкурстық амалдардың қорытындысына орай 509,1 миллион теңге қаржы үнемделіп отыр. Осы соманың есебінен қосымша тоғыз жаңа жоба қолға алынбақ, ал алты жоба бойынша үнемделген қаржы бұрынырақ басталған нысандарға жұмсалатын болады.
«Жол картасы» бойынша бюджеттің орындалуы қаржыландыру жоспарының мерзіміне сәйкес игерілуде. Жоспарланған 13755 жұмыс орнының орнына іс жүзінде 12 787 жұмыс орны құрылды, 4501 адам жұмыспен қамтылды.