Алматы облысында 3 күнде 1500-ден астам адам жауапқа тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Қауіпсіз жол» республикалық шарасы ұйымдастырылды. 3 күнде жол ережелерін бұзған 1,5 мыңнан астам жүргізуші мен жаяу жүргінші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ең көп ереже бұзған қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер болып шықты. 300-ден астам көлік иелеріне айыппұл салынды. 142 жүргізуші жылдамдықты асырса, 268-і көлікті жүргізіп келе жатқан кезінде телефон қолданғаны үшін айыппұл төлеген. Сондай-ақ 177 жаяу жүргінші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 43 жүргізуші темір тұлпарын алкогольдік ішімдік ішіп зырғытса, 34 адамның жүргізуші құжатынсыз рульге отырғаны анықталды. Тәртіп сақшыларының мұндай рейдтік шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат  жүргізушілер тәртібін пысықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Фото: egemen.kz

Соңғы жаңалықтар