Алматы облысында 300-ден астам ит пен мысық иелері жазаланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Нөлдік төзімділік» шарасының жеті күнінде полиция қызметкерлері 12 млн. теңгеден астам айыппұл салды.

Алматы облысында 300-ден астам ит пен мысық иелері жазаланды

«Шараның алғашқы 7 күнінде 3660 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 365 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, абаттандыру ережесін бұзғандарға қатысты 809 әкімшілік хаттама толтырылып, ит пен мысықты ұстау және оларды далаға шығару ережесін бұзғандары үшін 312 үй жануарының иесі жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар бұзақылықтың 111 фактісі мен өзге де құқық бұзушылықтар анықталды», - деді Алматы облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің бастығы Мейіржан Андабаев.

Аталған шара 7 шілдеде басталды және 25 шілдеге дейін жалғасады.