Алматы облысында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2 қараша күні 11 сағат 21 минут 28 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Алматы облысында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Ұйымның мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 264 километрде, Қазақстан аумағында - Алматы облысында болды. Ошағының тереңдігі - 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 10,3, магнитудасы - 4,6.

Кетмен ауылында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді.