Алматы облысында 56 жастағы әйелді соққыға жығып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 56 жастағы әйелді соққыға жығып кетті. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалыс#НеМолчи» қауымдастығына ұлы хабарлады.

Алматы облысында 56 жастағы әйелді соққыға жығып кетті

Оның айтуынша, анасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылындағы өз үйінде соққыға жығылып, зорланған. Қазір жапа шегуші Есік қаласындағы ауруханада жатыр.

«Оның жағдайы өте ауыр. Басына тиген соққыдан көзі зақымданған, соққының ауырлығынан ақыл-есін жоғалтқаны байқалады. Оның көз жанарына ота қажет. Денесі көгерген», делінген қауымдастықтағы хабарламада.

Алматы облысы ІІД аталған бұл қатысты мәлімдеме жасады.

«Аталған қылмыстық іс бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Қазір оны қамауға қатысты іс шаралар жүзеге асып жатыр», деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.