Алматы облысында 57 жастағы әйел туған анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 57 жастағы әйел туған анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Жәбірленушінің мәйіті жертөледен табылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық полиция департаментін баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды оқиға Іле ауданында болған.

«Іле аудандық полиция басқармасына 77 жастағы әйелдің жолдасы хабарласып, жарының мүрдесі уақытша салынған үйдің жертөлесінен табылғанын жеткізген. Аталған факті ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлігі яғни, «Адам өлтіру» бойынша тіркеліп, тәртіп сақшылары оқиға орнына барған.

Анықталғандай, қарт ана үйде жолдасымен бірге тұрған. Ал уақытша салынған үйде оның 57 жастағы қызы тұрған. Мүрде табылған сәтте қайтыс болған әйелдің қызы мас болған. Ол сауықтыру орнына жеткізіліп, есін жинаған соң анасын өлтіргенін, денесін жертөлеге жасырғанын мойындаған. Күдікті сотқа дейінгі тергеу барысында қамауға алынды», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар