Алматы облысында 705 теңіз шаянын заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері "Рубеж" күзетінде рейдтік шаралар жүргізу барысында «Nissan Largo» маркалы көлікті тоқтатқан.
None
None

Тексеру барысында салонда тиісті құжаттарсыз тасымалданған теңіз шаяндары табылды.

Алматы облысы табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Бауыржан Ыбыраев хабарлағандай, екі пластмасс бөшкеде 705 теңіз шаяны болған. Шаян аулау құралдары да тәркіленді.

«Көлік жүргізушінің әрекетінде ҚР ҚК 339-бабында (сирек кездесетін және жоғалып кетудің алдында тұрған жануар түрлерін заңсыз аулау) көзделген қылмыс сипаты бар», - деп түсіндірді Б. Ыбыраев.

Қазіргі уақытта, шаянның сирек кездесетін немесе жоғалып кету алдында тұрған шаян түріне жататындығы тұрғысынан сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар