10:14, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматы облысында 81 жастағы зейнеткер өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында 81 жасар зейнеткер өртеніп кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы жекеменшік үйде 21 наурызда сағат 7.58-де өрт шықты. Тілсіз жау сағат 8.52-де ауыздықталды. Оқиға орнында 1933 жылы туылған Е. Щербактың мәйіті табылды", - делінген хабарламада.