11:07, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданының прокуратурасымен «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында салынып жатқан екі нысанды тексеру барысында «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» заңнамасының бұзушылықтары анықталды.

Тапсырыс берушілер Еңбек және Боралдай ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін қайта қалпына келтіру және оның құрылысы кезінде тиісті аумақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізуге рұқсат алу үшін қажетті шараларды қабылдамаған.
Аудан прокуратурасының талабымен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама рәсімдеп, 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.