Алматы облысында Ақтөбеде қаза тапқан офицер Д.Майлыбаевты ақтық сапарға шығарып салды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жерлеу рәсімі Даниэль мен оның ата-анасы туып, өскен Талғар қаласында өтті. Батырды ақтық сапарға шығарып салуға барлық қала тұрғыны келді. Қаза тапқанның туыстары мен жақындарына көңіл айтуға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар барды.
None
None

- Офицердің, Отан қорғаушысының  ажал құшуы біз үшін ауыр тиді.  Біз қаза тапқан азаматтың жанұясына көмектесеміз. Жанұяға материалдық көмек ретінде 5  млн теңге бөлінеді.- деді Амандық Баталов. Сонымен қатар аудандық билік қаза тапқан офицердің жанұясына Талғар ауданында жаңадан салынып жатқан үйден пәтер бөлінетінін айтты.

ҚР ҰҚК майоры Д.Майылбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова атап өткендей, жерлеу рәсіміне қатысты шығындарды аудан әкімдігі, қоғам қайраткерлері мен жергілікті кәсіпкерлер өз мойнына алған.  

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар