14:22, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында алты балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қаратал АІІБ-не 39 жастағы әйелден 2011 жылдың 13 қарашасында оның күйеуі мен бес ағасының балық аулауға кетіп, қайта оралмағандығы туралы өтініш келіп түсті.

Облыстың ІІД-інен хабарлағандай, жоғалып кеткен ер адамдар Т-16 тракторымен Балқаш көлі мен Қаратал өзенінің сағасына қарай кеткен.
Қазіргі кезде облыстық полиция мен жергілікті АІІБ қызметкерлерінің, ТЖ өкілдерінің біріккен күшімен іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып отыр, бұл жұмыс соңғы бірнеше тәулік бойы жалғастырылуда.