Алматы облысында аң терісін өңдеу бойынша жасырын цех анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Аймақтың ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағалы аң терісін өңдейтін жасырын цехті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Панфилов ауданындағы саяжай қоғамдастықтарының бірінен тапты.
None
None

Қазір заңсыз кәсіппен айналысты деген күдікпен Жаркент қаласының екі тұрғыны жауапкершілікке тартылуда. Олар жаздың басында бағалы аң терілерін дайындап және өңдеп, әрі қарай Қытайда сату ісін ұйымдастырған.

Тексеру кезінде полицейлер цех салық органдарында тіркелмей заңсыз жұмыс істегенін анықтады.

Күдіктілер 48 жастағы ер адам мен 25 жастағы қыз. Заңсыз қызмет ағымдағы жылдың қыркүйегінде ұсталғандардың біріне қатысты алаяқтық бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде анықталды. Белгілі болғандай, ер адам Талдықорған тұрғынынан 5500 дана ондатр терісін арбау арқылы тартып алды деген күдік бар. Жапа шеккенге келтірілген материалдық залал 5 миллион теңгеден астам сомаға бағаланды.

Заңсыз кәсіпкерлік ісі бойынша тергеуді Панфилов АІІБ қызметкерлері жүргізіп жатыр. Ұсталғандар тергеу мерзімінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар