Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Балқаш ауданында апатқа ұшыраған шағын ұшақ 100 метр биіктіктен құлаған. Әуе кемесіндегі ұшқыш Анатолий Федорович Меньчиков оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марқұм болған азамат 1954 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Алматы қаласының тұрғыны. Ал ұшақтың ішіндегі жолаушы 1982 жылғы Орынғали Әбдіқайырұлы Зікірбаев. Ол Балқаш ауданындағы Қараой ауылының тұрғыны. Оның аяғы жарақаттанған. 35 жастағы азамат тікұшақпен Алматы қаласындағы №12 ауруханаға жеткізілген. Қазір науқас сол жерде ем қабылдап жатыр.

Құзырлы органның мәліметінше, ұшақ Алматы қаласы маңындағы Бұрындай елді-мекенінен ұшып шыққан. Апат Балқаш ауданындағы Жиделі ауылдық округіне қарасты «Ақшағыл» шаруа қожалығы маңында болған. Болжам бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан. 100 метр биіктіктен құлаған екі кісілік әуе кемесі өртенбеген, тек бөлшектері сынған.

Нақтыланған ақпарат бойынша, апатқа ұшыраған әуе кемесі екі кісілік емес, төрт кісілік. Екі жолаушының орны азық-түлікке толы болған.

Соңғы жаңалықтар