Алматы облысында астан уланған 10 оқушының жағдайы белгілі болды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында астан уланған 10 оқушының жағдайы жақсы, олар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында астан уланған 10 оқушының жағдайы белгілі болды

«Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында ем қабылдаған 3 баланың денсаулығы жақсы. Олар ата-анасының қалауымен үйлеріне шығарылды. Балалар тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігердің бақылауына алынды», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Еске салайық,19 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында мектептің 10 оқушысы астан уланып, ауруханаға түскен болатын. Балалар 5-сыныпта оқиды.