Алматы облысында астық жинау -2010 басталды

Биыл шаруашылық дақылдардары 398 266 гектарға дән септі, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда шамамен 9 000 гектарға көп. Шілденің 12-сіндегі жедел ақпаратқа сәйкес, осы уақытта 13 000 тонна астық жинап алынды.
Сонымен қатар, қант қызылшасы алқаптарында алғашқы қопсыту жұмыстары толық аяқталды. Биыл қант қызылшасы 13 000 гектарға жетті. Ескелді, Көксу аудандарының шаруалары екінші қопсыту және арамшөпті алғашқы отау жұмыстарын аяқтады. Облыстың қант қызылшасы алқаптарының жартысынан көбі минералдық тыңайтқыштармен қоректендірілді.
Жүгері алқаптарында да жұмыс қызып жатыр. Биыл осы мақсатқа 60 472 гектар жер бөлінді. Бірінші қопсыту 94 пайызға аяқталды. Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Қаратал және Сарқант аудандарының шаруалары сояның екінші қопсыту жұмыстарын толықтай аяқтады.