Алматы облысында ауғандық жауынгерлерге 11 ескерткіш орнатылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Біздің облысымызда ауғандық жауынгерлерге арналған алғашқы ескерткіш даңқты офицер, ардагерлер арасында «қара майор» деген атпен танымал болған Борис Керімбаевтың бастамасымен 1996 жылы Жамбыл ауданында ашылған болатын, деді облыс әкімі Серік Үмбетов ауған соғысының ардагерлерімен өткен кездесуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы облыс орталығының саябағында Ауғанстанда қаза болған жерлестерге арнап жасалған ескерткіштің салтанатты жағдайда ашылуы, интернационалист-жауынгерлер өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. Алматы облысының тағы 11 ауданында ескерткіш ашылады. Өткен жылдың соңында «Халық қаһарманы» жоғары атағын алған генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтің ерлік жолын бәріміз жақсы білеміз. Қазақстан халқы Отанын қорғайтын, міндетіне адал туған ұлдарын шын мәнінде қатты құрметтейді, оларды мақтан тұтады», - деді ол. Ардагерлер ұйымына жете көңіл бөліп отырғаны, оларды қолдап, көмек көрсеткені үшін, барлық интернационалит-жауынгерлер атынан Ауғанстан соғысы ардагерлері облыстық ұйымының төрағасы Ерлік Әлімқұлов пен ардагер Геннадий Тарханов облыс әкіміне шын ризашылықтарын білдірді. Қаруластар атынан Е.Әлімқұлов облыс әкімі С.Үмбетовке «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» мерекелік медалін, «Сауап» құрмет медалін және естелік сыйлықтар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар