Алматы облысында ауыл тұрғындарына 123 бас ұрланған мал қайтарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Соғым» жедел алдын алу операциясы барысында ауыл тұрғындарына 123 бас ұрланған мал қайтарылды.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, полицейлер 65 барымташыны құрықтады. Осыған дейін жасалған 26 қылмыс ашылды.

Операция барысында облыс аумағында 38 блок-пост пен 3 «Рубеж» жүйесінің қоршау бекеті жұмыс жасады. 1362 автокөлік тексеріліп, малды заңсыз тасымалдаудың 5 фактісі анықталды.

Барлығы 161 бас мал ұрланған.

Соңғы жаңалықтар