Алматы облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 227,8 млрд. теңгені құрады - облыс әкімі

ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 227,8 млрд. теңгені құрады, табиғи ауқымның индексі - 102,4 пайыз болды.
None
None

Бұл туралы бүгін 2010 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға және 2011 жылға бағытталған міндеттерге арналған қорытынды кеңес барысында облыс әкімі Серік Үмбетов хабарлады.

Оның айтуынша, дақылды масақты өнімді өңдеу кезінде дымқыл сақтайтын технологиялар ауқымы 2009 жылмен салыстырғанда 27,2 мыңға артып 68,8 мың гектарды құрады. Тамшылық суғару 1 196 гектар жерде қолданылды, ол 2009 жылмен салыстырғанда 7,4 есе көп.

Нәтижесінде 1 103 гектарға жаңа бау-бақшалар отырғызылды. Жүзімдіктерді отырғызу 4,3 есе артып, 520 гектарды құрады.

Соңғы жаңалықтар