11:05, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Алматы облысында әйел бұрынғы күйеуін аяусыз соққыға жықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сот алды тергеу материалдарында күдікті - Райымбек ауданы Кеген ауылының 31 жастағы тұрғыны, ал жәбірленуші - оның бұрынғы күйеуі екені мәлімденеді. Ері ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

«Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс базарда басталған. Ызалы әйел ер адамның басынан кірпішпен ұрған. Берген жауабында ұсталған әйел екеуінің жанжалдасуына үш кәмелеттік жасқа толмаған баланы асырау үшін төленбеген алимент себеп болғанын айтқан», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.
Облыстық полиция хабарлағандай, тергеу барысында әйелден сотқа міндетті түрде келу туралы қохат алынды.